![Коронавирус жұқтырған 245 адамның жағдайы ауыр](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/12/28/1609126006469.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен тәулікте 733 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Оның 133-і Атырау облысында тіркелді. Алматы қаласында - 83, Павлодар облысында 65 адамнан вирус анықталды. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 152460-ге жеттi. 139843 адам жазылып шықты.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 22 480 адам (10 358 КВИ+ және 12 122 КВИ-) ем қабылдап жатыр. 245 науқастың жағдайы ауыр. 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 27 жағдай тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 45442 адам пневмонияға шалдыққан. 32830 адам індеттен жазылып шықты.
Өткен тәулікте коронавирустан 10 адам көз жұмды. Коронавирустан қайтыс болғандар саны - 2259, пневмониядан көз жұмғандар саны (1 тамыздан бері) - 490.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Коронавирус жұқтырған 245 адамның жағдайы ауыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135322/)