![Тоқаев квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға байланысты мораторий мерзімін ұзартты](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/12/28/1609127031438.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы Жарлыққа өзгеріс енгізу туралы құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Құжатқа сәйкес мораторий тағы бір жылға - 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарды.
«Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 51 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 29, 245-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілсін, оған мыналар:».
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген Жарлықта.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тоқаев квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға байланысты мораторий мерзімін ұзартты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135323/)