![Боран, қар, тұман - Бірнеше өңірде ескерту жарияланды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/12/28/1609130008675.jpeg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
28 желтоқсанда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
Қазгидромет болжамынша, Түркістан облысының кей жерлеріне тұман түседі. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95 %.
Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде қар жауады. Кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде кей жерлерінде күші 15-20 м/с болады. Оралда тұман түсіп, көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%.
Бүгін Нұр-Сұлтанда 28 желтоқсанда жаяу бұрқасын болады. оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%.
Ақмола облысының басым бөлігінде күндіз қар жауады. Кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с болады. Көкшетауда жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15 м/с болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%.
Өскемен, Риддер қалаларында, Жаңа Бұқтырма кентінде 2 дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасуы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде күндіз қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады. Петропавлда жаяу бұрқасын болып, Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі. Таңертең және күндіз 28 желтоқсанда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады. Таразда 28-30 желтоқсанда кей уақытта тұман түседі. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Боран, қар, тұман - Бірнеше өңірде ескерту жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135324/)