Армения күштері Қарабақта Әзірбайжан әскеріне шабуыл жасады. Бұл туралы Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі хабарлады. Оқиға кеше түс ауа Ходжавенд ауданына қарасты Агдам ауылы маңында болған. 6 адамнан тұратын армян қарулы тобы Әзірбайжан әскери күштерінің бөлімшесіне оқ атқан. Тұтқиылдан жасалған шабуылдан бір сарбаз қаза тауып, тағы біреуі жараланды. Министрліктің мәлімдеуінше, шабуыл жасағандардың барлығының көзі жойылған.
Жансая Қапасқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарабақта Әзірбайжан әскеріне шабуыл жасалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135337/)