Ақпан айынан бастап мейрамханадағы тағамдардың бағасы 15%-ке дейін қымбаттайды. Дәмханалар желісінің иелері осындай болжам жасады. Айтуынша, бұған инфляция мен импорттық азық-түлік бағасының қымбаттауы себеп. Ал Қазақстандағы рестораторлар клубының басшысы биыл тамақтану нысандарының 30%-і жабылып қалғанын айтады. Алдағы уақытта тағы 20 проценті кәсібін тоқтатуы мүмкін. Қазақстанда қоғамдық тамақтану бойынша қызмет карантинде 33% азайды. Саладағы кәсіпкерлердің үштен бірі қызметкерлердің 40 процентін жұмыстан шығарған.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=2021 жылы мейрамханадағы тағам бағасы 15% қымбаттайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135363/)