Әлеуметтік маңызы бар тауар мен дәрі-дәрмектің бағасына бақылау жүргізіп, тұрақтандыру үшін елде Derekhub.kz платформасы құрылды. Сауда және интеграция министрлігі өкілдері электронды жоба арқылы тауар қоры да есептелетінін жеткізді. Айтуынша, пандемия кезінде тауар бағасы 30%-ке дейін қымбаттаған. Бекітілген шекті бағаның өзгермеуін енді қашықтан бақылауға болады. Енді әрбір дүкен мен сауда желісі электронды базаға тіркеліп, сөредегі тауар құнын енгізеді.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тауар бағасын бақылайтын платформа құрылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135364/)