![Жаңа жыл мерекесіне арналған әуе рейстерінің кестесі жарияланды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/12/29/1609218554637.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 30 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығындағы әуе рейстерінің кестесін жариялады.
Халықаралық авиарейстер 19 бағыт бойынша 12 елге қатынайды. Барлығы 54 рейс жасалады:
Біріккен Араб Әмірліктеріне - 16;
Түркияға - 10;
Өзбекстанға – 6;
Беларусь пен Германияға – 4;
Мальдивке – 3;
Оңтүстік Кореяға, Нидерландқа, Мысырға, Ресей мен Қырғызстанға – 2;
Украинаға – 1 рейстен.
Рейстердің ұшу уақыты мен күнін авиакомпаниялар мен әуежайлардың сайттарынан нақты білуге болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жаңа жыл мерекесіне арналған әуе рейстерінің кестесі жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135378/)