Алматыда соңғы екі айға жуық уақытта карантин талаптарын бұзған заңды және жеке тұлғаларға 950-ден астам әкімшілік хаттама толтырылып, 78 миллион теңге шамасында айыппұл салынған. Сондай-ақ, 15 материал сотқа жіберілген. Жалпы мониторингтік топтар осы уақыт аралығында 5 жарым мыңнан астам нысанды тексеріп, 1100-ге жуық карантин талаптарын бұзу дерегін анықтаған. Қазір мегаполис бойынша 32 мониторингтік топ көпшілік орындарды тексеруді жалғастыруда.
Нұрхан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда карантин талаптарын бұзғандарға 78 млн теңге айыппұл салынған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135383/)