![2021 жылы қазақстандықтар 121 күн демалады](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/12/30/1609301546734.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандықтар 2021 жылы 244 күн жұмыс істеп, 121 күн демалады. Еgov.kz порталында жарияланған өнтірістік күнтізбеге көз жүгіртсек, демалыстардың көбі қаңтар мен мамыр айларына түсіп тұрғанын көруге болады.
Сенбі-жексенбіден бөлек, қазақстандықтар Жаңа жылда 4 күн қатарынан және 7 қаңтарда, Рождество мерекесінде демалады.
Келесі жылдың ұзаққа созылатын демалыс күндерінің бірі наурыз айына түсіп тұр. Ел тұрғындары Халықаралық әйелдер күнінде және Наурыз мейрамында 5 күн қатарынан (20-24 наурыз аралығында) демалады.
Мамыр айында да демалыс күндері көп болады. 1 мамыр - Бірлік күні сенбіге түскендіктен ол 3 мамырға және 9 мамыр - Жеңіс күні жексенбіге келуіне байланысты дүйсенбі, 10 мамырға ауыстырылды.
Қазақстандықтар елорданың туған күнінде 3 күн қатарынан және Құрбан Айт мейрамына орай 20 шілде күні, сонымен қатар 30 тамыз − Конституция күні кезінде демалады.
1 желтоқсан − Тұңғыш Президент күнінде және Тәуелсіздік күнінде 4 күн қатарынан демалыс беріледі.
Дереккөз: egov.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=2021 жылы қазақстандықтар 121 күн демалады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135422/)