![2021 жылы асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы 5 пайызға өседі](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/12/30/1609314646851.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
2021 жылдан бастап Қазақстанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылғандарға берілетін төлемдер 5 пайызға өседі. Бұл туралы Үкімет қаулысында айтылған.
«2021 жылдың 1 қаңтарынан еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайларда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап алынатын әлеуметтік төлемдер мөлшерінің бес пайызына арттыру жүргізілсін», - делінген Үкіметтің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 891 қаулысында.
Қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=2021 жылы асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы 5 пайызға өседі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135427/)