Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен бірнеше облыс әкімдігі құны 77 млрд теңгеден асатын облигацияларды сатылымға шығарды. Қазақстан қор биржасында саудаланған құнды қағаздардың мөлшерлемесі 6,1%. Бір номиналы мың теңгеге бағаланды. KASE-ге ең көп қаржыны Алматы әкімдігі тартты – 20 млрд теңгеден асады. Алматы облысы биржаға 8,6 млрд теңге салған. Нұр-Сұлтан әкімдігі 6 млрд теңге ұсынса, Шымкент 1 млрд теңгеге облигация шығарды. KASE-нің мәліметінше, бағалы қағаздар нарығындағы сауда-саттық биыл 2 есеге артып, шамамен 3 трлн теңгеге жеткен. Оның 23 процентін жергілікті әкімдіктер тартып отыр.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бағалы қағаздар нарығындағы сауда-саттық 3 трлн теңгеге жеткен&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135457/)