![Бір күнде 795 адамнан коронавирус анықталды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/12/31/1609385857136.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 11 адам көз жұмды. 795 адам коронавирус жұқтырған. Оның 120-ы Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Алматы қаласында - 87, Павлодар облысында 72 адамнан вирус анықталды. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 154720-ға жеттi.
Соңғы тәулікте 744 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 142475. Қайтыс болғандар - 2284.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 22 102 адам ем қабылдап жатыр. 245 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 93 жағдай тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 45723 адам пневмонияға шалдыққан. 33083 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 499.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бір күнде 795 адамнан коронавирус анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135471/)