Алматыда эпидахуал әлі де күрделі.
Тұрғындар санитарлық нормаларды қатаң сақтауы тиіс. Бетперде режимі мен әлеуметтік қашықтықты ұстанған абзал,- дейді мамандар.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, шаһар «сары» аймақта тұр. Желтоқсанда 2300-ге жуық адамнан вирус анықталған. Зерттеулерге сүйенсек, індетті жұқтыруға 20 мен 60 жас аралығындағы азаматтар бейім. 1 ай ішінде ауырғандардың 64 пайызы - осы жастағылар. Қоғамдық орындар, дәріхана мен дүкендер, дәмханалар, сауда орындары мен базарлар - індет көп тарайтын орындар қатарында. Қалада соңғы тәулікте 100 адам коронавирус жұқтырған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда бір тәулікте 100 адам коронавирус жұқтырған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135490/)