Ақтөбе облысында газ баллоны жарылып, 2 адам зардап шекті. Денесін күйік шалған тұрғындар ауруханаға жеткізілді. Ал Көкшетауда 20-шы желтоқсанда көпқабатты үйлердің бірінде болған жарылыс кезінде зардап шеккен тағы бір бала көз жұмды. Сол күні бір отбасындағы 6 бала түрлі дәрежеде күйік алды. Өкінішке орай, екеуінің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. 27-інші желтоқсанда 16 жасар қыз көз жұмған еді. Енді одан 2 жас кіші сіңлісі де қайтыс болды. Қалған 4 баланың жағдайы қалыпты.
Ермек Елберген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Көкшетауда газ баллон жарылысынан зардап шеккен екінші бала көз жұмды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135498/)