Бүгін Brent маркалы мұнай барреліне 53 доллардан асты. Былтыр 4 наурыздан кейін қара алтын құны енді көтеріліп отыр. Ал WTI бағасы 1,18%-ке қымбаттап, 49 доллардан асты. Сарапшылар бағаның өсуін ОПЕК+ отырысымен байланыстырып отыр. Бұл жолы ойыншылар мұнай өндіруді тәулігіне 500 мың баррельге дейін көбейту мүмкіндігін қарастырады. Дегенмен пандемия кезінде кейбір қатысушылар шикізат өндіруді арттыруға әзірге асықпайтын секілді. Айта кетейік, ОПЕК+-тің жаңа келісімі көктемде өндірісті 9,7 млн баррельге қысқартудан басталған. Кейін тамызда одақ шектеуді күніне 7,7 млн баррельге дейін азайтты.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мұнай бағасы 53 доллардан асты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135501/)