Демалыста күн жылынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Демалыста күн жылынады

08.01.2021
Демалыста күн жылынады

Қазгидромет 9-11 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Күн райын болжайтын мекеме Қазақстан аумағының басым бөлігіне циклон жырасы әсер етеді деп хабарлайды. Сондықтан,  еліміздің оңтүстік өңірлерінде күн жылынады.  Республиканың басым бөлігінде жаяу жел соғып, қар жауады, оңтүстікте жауын-шашын жауады. Кей жерлерде тұман түсіп,  жел күшейеді. Қазгидромет көктайғақ болады деген ескерту жариялап отыр. 


Хабарламаларға жазылу