Алматы облысында карантиндік шараларды күшейтетін жаңа қаулы қабылданды. Себебі өңірде соңғы 7 күнде індет жұқтырғандар қатары күрт көбейіп кеткен. Қаулыға сәйкес сыйымдылығы 50 және одан да көп қоғамдық тамақтану орындары жұмысын тоқтатады. Той-томалақ, банкет, еске алу жиындарын ұйымдастыруға тыйым салынды. Барлық меншік нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдар, ойын сауық орындары да жағдай тұрақталғанша жұмыс істемейді. Сондай-ақ туристік нысандар, табиғи парктер, демалыс орындары, тау-шаңғы базалары мен мұз айдындарына келушілердің тек 80 пайызын қабылдауға рұқсат. Мониторингтік топтарға тексеру, қадағалау жұмыстарын үдету тапсырылды.
Қуаныш Қанатұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысында карантин күшейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135645/)