Алматы облысында 1053 сайлау учаскесі бар. Олардың елуі жабық түрде жұмыс істейді. Жалпы Жетісу өңірінде 1 млн 400 мың адам дауыс беру құқығына ие.
Қуаныш Қанатұлы, тілші:
Жетісу өңірінің жұртшылығы әрбір сайлауда белсенді болуға тырысады. Осы бір науқанда да қарап қалмас деп сенемін. Ал мен дәл қазір Ақсу ауданына қарасты Қапал ауылынан қосылып тұрмын. Бұл елді мекенде 4 мыңдай халық тұрады. Таңғы шайын ішіп, қорадағы малын жайғап ауылдағы ағайын өз борышын орындау үшін сайлау учаскелеріне ақырындап келіп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қапал жұрты Парламент сайлауында дауыс беріп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135699/)