Әр сайлау партиялар үшін үлкен тәжірибе. Электоралды науқан саяси ұйымдардың жұмысына жан бітіріп, үлкен мәселелердің шешілуіне түрткі береді. Сайлау учаскілеріне келіп дауыс берген партиялардың төрағалары осылай дейді. Сондай-ақ, саяси науқанға дайындық барысында барлық партияға бірдей мүмкіндік берілген. «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев та сайлау учаскесіне барып дауыс берді. Сайлаудың маңызына тоқталып, әр тұрғынның болашаққа үлес қосуы керектігін айтты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Ауыл» партиясының төрағасы дауыс берді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135706/)