![Қазақстанда бір тәулікте 746 адамнан коронавирус анықталды](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/1/11/1610336047190.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен тәулікте коронавирустан 1 адам көз жұмды. 746 адам коронавирус жұқтырған. Оның 120-ы Алматы қаласында тіркелді. Павлодар облысында - 65, Атырау облысында 73 адамнан вирус анықталды. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 163019-ке жеттi.
Соңғы тәулікте 411 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 149082. Қайтыс болғандар - 2360.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 23 498 адам ем қабылдап жатыр. 272 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 27 адам дертке шалдығып, 1 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 46350 адамға пневмония диагнозы қойылды. 33904 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 525.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда бір тәулікте 746 адамнан коронавирус анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135749/)