Дәл қазір елордада Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісіне депутаттар сайлауы өтіп жатыр. Осыған орай ҚХА-ның ХХVІІІ сессиясы ашылды. Сессия жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымнан құралған ҚХА мүшелерінің делегациялары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредитациядан өткен халықаралық бақылаушылар мен БАҚ өкілдері қатысып жатыр.
Айта өтейік, 2007 жылы Ата заңға Қазақстан халқы Ассамблеясынан ҚР Парламенті Мәжілісіне 9 депутат сайлау құқығы берілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілген еді. Ассамблея төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев бұл қадам біздің қоғамның бірлігін нығайтуға, этностар мүдделерін білдіруге, олардың еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қатысуын жандандыруға бағытталғанын атап өтті.
Мәжіліс депутаттығына үміткерлер үшін дауыс беруге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та келеді деп күтілуде.
Альбина Әшім
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ҚХА-дан Мәжіліске сайланатын депутаттар анықталады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135750/)