Шығыс Қазақстан облысында сайлау комиссияларының мүшелері карантинге жіберілді. Облыстағы бас санитардың қаулысына сәйкес, олар 72 сағат үйде оқшаулануы керек. Содан кейін міндетті түрде ПТР-тест тапсыруы тиіс. Нәтижесі оң болса жұмыстан шеттетілуі мүмкін. Ковид белгілері анықталса, емделеді. ПТР-тест теріс нәтиже көрсетсе өздерінің лауазымдық міндеттерін жалғастыра береді. Кешегі күні облыстағы сайлау комиссияларында барлығы 7 мың адам жұмыс істеген.
Берік Көшербай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ШҚО-да сайлау комиссияларының мүшелері карантинге түсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135796/)