Нұр-Сұлтанда жемқорлық фактісімен істі болғандардан ел бюджетіне 7,4 млрд теңге өндірілді. Жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша 2020 жылы пара алу беру, бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша 192 іс қозғалған. Оның 126-сы сотқа жолданды.
Олардың ішінде өңірлік электр желісі компаниясының лауазымды қызметкерлері, бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі мен өзге де экс-шенеуніктер бар. Олардан қазынаға бас-аяғы жеті жарым миллиард теңге қайтарылған.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жемқорлықпен ұсталғандардан ел бюджетіне 7,4 млрд теңге өндірілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135807/)