![ҚР ОСК сайлау қорытындысын жариялады](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/1/12/1610426847103.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Орталық сайлау комиссиясы Парламент сайлауының қорытындысын жариялады.
ОСК мәліметіне сәйкес, Мәжіліске үш партия өтті:
- «Nur Otan» партиясы – 71,09%;
- Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 10,95%;
- «Қазақстанның Халық партиясы» – 9,10%.
2 партия 7 пайыздық көрсеткішке жете алмады:
- «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 5,29%;
- «ADAL» саяси партиясы – 3,57%.
Мәжілістегі депутаттық манданттар: «Nur Otan» партиясы – 76 мандат, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 12 мандат, «Қазақстанның Халық партиясы» - 10 мандат алды. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 депутат бар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ҚР ОСК сайлау қорытындысын жариялады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135815/)