![ЖОО студенттері ІІ семестрде қалай оқиды - министрлік түсіндірді](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/1/12/1610437709377.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте ЖОО студенттерінің ІІ семестрде қалай білім алатынын айтып берді.
«Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша 1-курс студенттері аралас форматта оқиды. Яғни, дәрістер онлайн форматта, ал практикалық және зертханалық жұмыстар дәстүрлі форматта өтеді. 2-4 курс студенттері қашықтан оқуды жалғастырады. Қазіргі таңда 150 мың 1-курс студенті білім алып жатыр», - деді вице-министр.
Ол оқу орындары студенттерді қабылдауға дайын екенін, онда барлық санитарлық талап сақталатынын айта кетті.
«Аудиториялар 40 пайызға толы болады. Бір студентке 5 шаршы метр жер қарастырылады. Жатақханалар да студенттерді қабылдайды», - деп түсіндірді Дәуленов.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ЖОО студенттері ІІ семестрде қалай оқиды - министрлік түсіндірді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135818/)