![Соңғы бір аптада Қазақстанда коронавирустан 30 адам көз жұмды](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/1/12/1610445294609.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
4 және 10 қаңтар аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 30 адам көз жұмған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Нұр-Сұлтан қаласы - 4Алматы қаласы - 8Ақтөбе облысы - 2Алматы облысы - 4Атырау облысы - 3Шығыс Қазақстан облысы - 4Жамбыл облысы - 1Батыс Қазақстан облысы - 1Қостанай облысы - 1Павлодар облысы - 2
Пандемия басталғалы елде коронавирустан 2 349 адам қайтыс болды.
Айта кетерлігі, індеттің таралуы бойынша Ақмола, Қостанай облыстары «қызыл» аймақта, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары, БҚО, СҚО, Атырау, Павлодар облыстары «сары» аймақта болса, қалған өңірлер «жасыл» аймақта.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Соңғы бір аптада Қазақстанда коронавирустан 30 адам көз жұмды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135821/)