Отандық компанияларға шетелдік азаматтарды алуға қатысты жылдық квота шықты. Еңбек министрлігінің мәліметінше, шетелдік жұмысшы саны 29 300-ден аспауы қажет. Компаниялардағы шетелдік қызметкерлер категория бойынша реттелген. Басшы және оның орынбасары лауазымындағы жұмысшы саны 1354 болып бекіді. Екінші деңгей – бөлім басшылары 7510-нан аспауы керек. Қазір елдегі 1700 кәсіпорында 14 мыңнан аса шетелдік азамат еңбек етеді. Олар көбіне үшінші және төртінші деңгейлі қызметте жұмыс істейді. Бұл - мамандар мен біліктіліктен өткен қызметкерлер.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шетелдік жұмыс күшін тартуға қатысты жылдық квота бекіді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135858/)