Испанияда он жылдай болмаған қалың қар жауып, ауа температурасы 25 градусқа дейін төмендеді. Соның салдарынан 4 адам қаза тапты. 650-ден астам жол жабылып, көлік қозғалысы қиындап, машиналар кептелісте сағаттап тұрған. Көптеген әуе рейстері доғарылды. Төпеп жауған қардан жергілікті өзендер арнасынан тасып жатыр. Құтқару жұмыстарына 1500-ға жуық маман жұмылдырылған. Қолайсыз ауа райынан келген шығын шамамен 20 миллион еуро деп бағаланып отыр.
Жансая Қапасқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Испанияда қолайсыз ауа райы салдарынан 4 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135880/)