Әз-Наурыз мейрамын Маңғыстау өңіріндегі мұнайшылар қаласы да бар сән-салтанатымен атап өтті. Терең мағына, ізгілікке толы ұлық мерекеде қазақтың салт-дәстүрінен көріністер көрсетіліп, ән мен жырдан шашу шашылды.
Күн мен түн теңеліп, ызғарды жылу, қысты көктем алмастыратын, береке мен бірлікті нығайтатын ынтымақ пен мейірімділіктің мейрамын жаңаөзендіктер де көтеріңкі көңіл-күймен атап өтті.
Жергілікті жұртшылық сыйластық пен ауызбіршіліктің өнегесін көрсетті. Қойнауы құтқа толған қала тұрғындары үшін басты байлық - татулық пен ізгілік, салт-дәстүр сабақтастығы.
Нысаналы ЫҒЫЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жаңаөзендегі Наурыз мейрамы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/1359/)