![Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 5 адам көз жұмды](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/1/14/1610596279584.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен тәулікте коронавирустан 3 адам көз жұмды. 834 адам коронавирус жұқтырған. Оның 123-і Нұр-Сұлтан қаласында, 122-і Алматы қаласында тіркелді. Атырау облысында 75 адамнан вирус анықталды. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 165311-ке жеттi.
Соңғы тәулікте 745 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 151172. Қайтыс болғандар - 2380.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 23 608 адам ем қабылдап жатыр. 272 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 91 адам дертке шалдығып, 2 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 46590 адамға пневмония диагнозы қойылды. 34209 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 532.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 5 адам көз жұмды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135925/)