Павлодарда әйел адамның жылу құбырындағы апат шұқырына құлау оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Зейнеткер 100 градустық температурадағы ыстық суға күйіп қалған. Қазір ауруханада, жағдайы әлі де ауыр.
Естеріңізге сала кетейік , қаңтардың 7-сі күні құбыр жарылып, бірнеше үй жылусыз қалған болатын. Зейнеткер жөндеу жұмыстары жүріп жатқан сол аумаққа өтіп кетіп зардап шекті. Егер «Жылу жүйелері» серіктестігінің кінәсі дәлелденсе, жауапты тұлға 6 млн теңге айыппұл төлеуі тиіс немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жанна Белялова, Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
Құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік шаралары сақталмауына қатысты қылмыстық заңның 277-бабы бойынша іс қозғалды. Ыстық суға күйген тұрғынның денсаулығына аса ауыр зақым келді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Болат Аманбаев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодарда ыстық су толы шұңқырға құлаған зейнеткердің оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135944/)