![Қазақстанда бір тәулікте 835 адамнан коронавирус анықталды](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/1/15/1610681003676.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен тәулікте коронавирустан 6 адам көз жұмды. 835 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 166146-ке жеттi.
Соңғы тәулікте 666 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 151838. Қайтыс болғандар - 2386.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 23 734 адам ем қабылдап жатыр. 285 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 76 адам дертке шалдығып, 1 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 46666 адамға пневмония диагнозы қойылды. 34321 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 533.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда бір тәулікте 835 адамнан коронавирус анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135971/)