![Зейнетақы жинақтарын SMS арқылы қалай тексеруге болады](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/1/15/1610682694607.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
БЖЗҚ тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге ақы төлеу, сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін қолжетімді зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алуға болатын жаңа сервисті іске қосты, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
Ол үшін cabinet.enpf.kz/porog порталына өтіп, mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS арқылы келіп түсетін бір реттік пароль арқылы авторлану қажет.
Бір реттік пароль арқылы авторлану үшін бар-жоғы бірнеше қадам жасау керек:
- ЖСН және ұялы телефон нөмірін енгізу қажет;
- дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру керек;
- «Кодты жіберу» батырмасын басу қажет;
- алынған алты таңбалы кодты ұялы телефоннан енгізу керек.
Бұл сервис салымшыларға жеткіліктілік шегін ЭЦҚ-сыз және БЖЗҚ бөлімшелеріне бармай-ақ білуге мүмкіндік береді. Жаңа сервис мемлекеттік органдар айқындайтын ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі талаптарға толық сәйкес келеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Зейнетақы жинақтарын SMS арқылы қалай тексеруге болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135972/)