Бүгін ел көлемінде бір уақытта «Қайырымдылық жаршысы» атты онлайн-марафон өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен «Зекет» қоры мұрындық болған шарада 9 мыңға жуық мұқтаж отбасыға азық-түлік себеті үлестірілді. Оның ішінде Нұр-Сұлтанда 500 шаңырақ көмекке ие болды. Қайырымдылық марафоны әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды, жалғызбасты аналар мен қарттарды қамтыды. Игілікті шара - басқарманың биылғы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаған іс-жоспарының бір бағыты.
Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти:
Алла Тағала Қасиетті Құранда айтады: «Біздің берген ырыздығымыздан елге, мұқтаж жандарға көмектесіңдер!» дейді. Біздің дініміздің үйреткен жолы – біз әрқашан қайырымдылықты туғаннан бастап, өмірден өткенше Иншалла жалғастыра береміз. Алла қаласа, биыл осы жылды осындай үлкен қайырымдылықпен бастадық.
Дарын Сағитов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=9 мыңға жуық мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/135988/)