Елімізде KIA көліктері шығарылатын болды. Отандық компаниялардың бірі KIA моторстың ресми дистрибьюторы атанды. Алдымен елімізде 20-ға жуық диллерлік орталық ашу көзделген. Оның сегізі наурызда Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау, Ақтау мен Шымкент қалаларында ашылмақ. Ал корейлік көліктер Қостанайдағы машина жасау зауытында құрастырылады. Онда Қазақстан нарығында бар KIA көліктерінің барлық моделі шығарылады деп жоспарланған. Машиналар 4 пайыздық арзан несиемен де сатылады.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде KIA көліктері шығарылатын болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136004/)