Зейнетақы қорында қанша ақша барын және оның қаншасын алуға болатынын СМС арқылы білеуге болады. Бүгін «Отбасы банк» арнайы жүйені іске қосты. Ол үшін cabinet.enpf.kz/porog сілтемесі арқылы өту қажет. Сөйтіп, электронды цифрлы қолтаңбасыз-ақ қаржы көлемін тексеруге мүмкіндік бар. Ол үшін бір реттік құпия сөз батырмасын басып, ЖСН-ды енгізу керек. Кейін телефоныңызға сол құпия сөз келеді. Оны теріп жиналған ақша мен оның қаншасын алуға болатынын біле аласыз. Ал өтініштерді қабылдау жақын күндері басталуы тиіс.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қордағы қаржы көлемін SMS арқылы білуге болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136016/)