Атырау облысында қатты желден бүлінген 20-ға жуық нысан қайта жөнделетін болды. Олардың қатарында Мақат аудандағы 3 мектеп те бар. Жергілікті билік қазір арнайы жұмыс тобын құрып, жағдайды бақылауға алды. Сондай-ақ, құтқарушылар дауыл кезінде жоғалып кеткен үш тұрғынды тапты. Олардың екеуі мал бағып жүріп адасып қалған.
Баян Жанұзақова, облыс әкімдігі баспасөз қызметінің өкілі:-Әлеуметтік нысандардың шатыры әкімдік ұйымдастыруымен жөнделді. Ал, бірқатар нысанды мердігер компаниялар келісімшартта көрсетілген кепілдіктерге сай өздері жөндейді.
Жандос Темірғали
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырау облысында қатты желден 20-ға жуық нысан бүлінді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136017/)