![Қазақстанда теміржол билеттері қымбаттайды](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/1/18/1610959918849.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
1 наурыздан бастап Қазақстанда теміржол билеттері қымбаттайды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
«Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шарттарға сәйкес, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап облысаралық және қала маңындағы қатынастардағы барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға теміржол билетінің құны 7%-ға артады», – делінген хабарламада.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда теміржол билеттері қымбаттайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136056/)