Қарағандыда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері 700 миллион теңгеден астам сомаға залал келтірген. Олар 2016-2020 жылдар аралығында қала аумағында жалған шот-фактураларды рәсімдеумен айналысқан. Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жедел-тергеу іс-шаралары кезінде 7 күдіктіні анықтаған. Тергеу барысында ұйымдасқын қылмыстық топ мүшелерінің құйтырқы әрекеті әшкереленген. Айталық, жалған келісім шарт жасау және шығындарды көбейту арқылы бюджетке салық төлеуден жалтару кезінде, салық төлеушілер-контрагенттерге көмектесу мақсатында 13 кәсіпорын құрған. Осылайша бірнеше жол бойына бюджетке 700 миллион теңге залал келтірген. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағандыда мемлекетке 700 млн теңге шығын келтірген қылмыстық топ ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136066/)