![Қазақстанда бір тәулікте мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/1/19/1611025950574.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен тәулікте коронавирустан 7 адам көз жұмды. 999 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 170098-ге жеттi.
Соңғы тәулікте 946 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 154449. Қайтыс болғандар - 2423.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 24 894 адам ем қабылдап жатыр. 312 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 18 адам дертке шалдығып, 2 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 46866 адамға пневмония диагнозы қойылды. 34656 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 542.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда бір тәулікте мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136097/)