![Министрлер ант берді: Жаңа құрамдағы Үкіметтің алғашқы отырысы өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/1/19/1611027926150.jpeg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін жаңа құрамдағы Үкіметтің алғашқы отырысы өтті.
Айта кетейік, 18 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің жаңа құрамын бекітті.
Министрлердің басым бөлігі де өз орнын сақтап қалды. Екі министр - Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов пен Еңбек министрі Біржан Нұрымбетов қызметінен кетті. Оларды Әсет Ерғалиев пен Серік Шәпкенов алмастырды.
Үкімет отырысында жаңа министрлер халық алдында ант берді.
Сондай-ақ жиында Премьер-Министр Асқар Мамин жаңадан жасақталған Үкіметтің қандай мәселелерге баса назар аударатынын атап өтті.
«Алдағы уақытта халықтың өмір сүру сапасын, әл-ауқатын жақсартуға және табысын арттыруға, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын құруға жағдай жасалады. Сонымен бірге, әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттарына баса назар аудару қажет», - деді Үкімет басшысы.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Министрлер ант берді: Жаңа құрамдағы Үкіметтің алғашқы отырысы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136099/)