![Наурызда коронавирус жұқтыру дерегі көбеюі мүмкін - Цой](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/1/19/1611033838237.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой наурыз айының соңында елде коронавирус жұқтыру дерегі көбеюі мүмкін екенін болжады.
«Оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 мың науқас тіркеліп, ауруханаларда 24 мың төсек-орын бос болмауы мүмкін. Бұл сценарий кезінде қатаң карантин шараларын енгізу жоспарланып отырған жоқ.
Ал реалистік және пессимистік сценарий бойынша күн сайын 6-9 мың адам вирус жұқтырады деген болжам бар. 45 мың төсек-орын толуы мүмкін. Денсаулық саласына салмақ түсірмеу үшін бұл жағдайда қатаң карантин енгізуге әкеп соғады», - деді министр Үкімет отырысында.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Наурызда коронавирус жұқтыру дерегі көбеюі мүмкін - Цой&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136104/)