Солтүстік Қазақстан облысы коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша «қызыл» аймаққа кірді. Осыған байланысты алдағы демалыс күндері Петропавлда локдаун енгізіледі. Жұрт көп жиналатын отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынады. Сауда-ойын-сауық орталықтары, базарлар мен құрылыс материалдары дүкендері сенбі-жексенбі жұмыс істемейді, тек азық-түлік сатататын сауда орындары мен дәріханаларға ғана рұқсат. Қалаішілік қоғамдық көліктер де демалыс күндері жүрмейді.
Әсет Жұматаев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:
Алдыңғы бір жұмамамен салыстырғанда ол кезде 50-54 жағдай тіркелсе, қазір 71 жағдайға дейін жетті. Яғни, 20 жағдайға дейін өсіп отыр. Және 61 пайызы симптомды, 39-ы симптомсыз түрде.
Сағындық Сәбитұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=СҚО коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймаққа енді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136117/)