Ақтауда төртем дүниеге келді. Бұл соңғы 30 жылда болмаған оқиға. 1 ұл мен 3 қыз осыдан бір ай бұрын туды. Шақалақтардың салмағы 1 келіден сәл-ақ асатын. Дәрігерлердің күтімінің арқасында нәрестелер жетіліп, жағдайлары жақсарды. Бүгін олар бірге перзентханадан шықты. Бұдан бөлек, былтыр Ақтауда 2 үшем, 147 егіз дүниеге келді.
Самира Гасанова, төртемнің анасы:
Тұрмысқа шыққаныма 4 жыл болды. Бала сүйе алмаймын ба деп қорқатынмын. Енді міне, бірден 4 сәбилі болдым. Қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтауда соңғы 30 жылда алғаш рет төртем дүниеге келді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136179/)