![Қазақстанда сүт бағасы қымбаттап жатыр](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/1/21/1611204401589.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстанда сүт бағасы қымбаттаған, ал оны тұтыну көлемі айтарлықтай төмендеген, деп хабарлайды Еnergyprom.kz.
2020 жылы 598,5 мың тонна сүт пен кілегей өндірілді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 7,5%-ға артық. Оның 32 пайызға жуығы Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі - 189,1 тонна. Бұдан бөлек, Алматы облысында 98,9 тонна, Ақмола облысында 94,9 тонна сүт өндірілген.
Сүт бағасы да айтарлықтай қымбаттаған. 2020 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан қалаларында шикі сүт бағасы орта есеппен 9,8% пайызға өсіп, литрі 243,7 теңгеге дейін өскен. Майлылығы 2,5% пастерленген сүт 6,5%-ға (литрі 258,1 теңгеге дейін) ал майлылығы 3,2% пастерленген сүт 7,9%-ға, (литрі 276,9 теңгеге дейін) қымбаттаған.
Сүт бағасының қымбаттауынан оны тұтыну көлемі қысқарды. 2020 жылдың үшінші тоқсанында әрбір қазақстандық 4,6 литр шикі сүт тұтынған. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 литрге аз.
Ауылдық жерлерде орташа сүт тұтыну деңгейі жан басына шаққанда 8 литрді құрады, 2019 жылмен салыстырғанда 2 литрге аз. Қалалық жерлерде әр тұрғын 2 литрге дейін шикі сүт тұтынған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда сүт бағасы қымбаттап жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136211/)