![Қазақстанда бір тәулікте 1430 адамнан коронавирус анықталды](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/1/22/1611285917367.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен тәулікте коронавирустан 11 адам көз жұмды. 1430 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 173842-ге жеттi.
Соңғы тәулікте 1076 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 157597. Қайтыс болғандар - 2457.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 25 469 адам ем қабылдап жатыр. 291 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 96 адам дертке шалдығып, 2 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 47211 адамға пневмония диагнозы қойылды. 34981 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 549.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда бір тәулікте 1430 адамнан коронавирус анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136260/)