Павлодарда соңғы тәулікте 235 адам короновирус жұқтырды. Індеттің күрт таралуы карантиндік талаптардың сақталмауынан-дейді санитарлық мамандар. Қаңтардың 17-нен бастап өңір «қызыл» аймаққа кірді. Содан бер тәулігіне ауру жұқтырғандар саны 150-ден төмен түскен жоқ. Модульдік ауруханалар мен провизорлық орталықтарда әзірге орын жеткілікті. Демалыс күндері ірі сауда дүкендері мен базарлар жұмыс істемейді. Қоғамдық көлік тоқтайды. Сондай-ақ сенбі күні өткізілетін дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне де тыйым салынды.
Гүлмира Күлмағанбетова, Эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы:
Өңіріміздегі 13 ауданның 12-сінде індет өршіп тұр. Тек қана Баянауыл «сары» аймақтар қатарында. Облыста 176 мониторингтік топ жұмыс істейді. Карантин тәртібін бұзу деректері көп.
Болат Аманбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодарда бір тәулікте 235 адамнан коронавирус анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136283/)