«Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы талқыланды

22.01.2021

Еліміздің әр өңірінде «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы қоғам назарына ұсынылып, ашық талқылау басталды. Алғашқы болып осы заңның жобасын Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева алматылық қоғамдық кеңестің мүшелеріне таныстырды. Министрдің сөзінше, жаңа заң жобасы Ашық нормативтік-құқықтық актілері порталы мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің сайтында жарияланған. Осы талқылау алаңында кез келген азамат ұсынысын айтып, пікірін қалдыра алады. Мемлекет басшысы қол қойғанға дейін өзгертулер енгізуге мүмкіндік бар. 

Аида Балаева, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
Мұндай талқылаулар әлі жалғасады. Әр өңірлерде жалғасады. Өйткені бізге өңірлердегі өздеріміздің әріптестеріміздің пікірі қажет. Сондықтан әр өңірдің өзінің дамуы, әр өңірдің белсенді азаматтары бар олардың барлығының пікірлерін тыңдап, ескеретін боламыз. 

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу