Жамбыл облысында боран соғып, күре жолдар жабылды. Алматы-Термез- Ташкент республикалық тасжолының бойына блок-бекеттер қойылып, көлік қозғалысы түгел тоқтатылды.
Сондай-ақ, Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас-Саудакент тасжолы да жабық. Төтенше жағдай қызметкерлері бұрқасын басылғанша алыс жолға шықпауды ескертеді.
Ербол Әміров Жуалы ауданы ТЖ бөлімінің басшысы:
Жол ашылған кезде телефондарыңызға хабарлама түседі. Сабырлық сақтауларыңызды сұраймыз, жолда қылып кеткен жағдайда 101 немес 112 телефондарына хабарласыңыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жамбыл облысында бораннан жолдар жабылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136286/)