![Коронавирус жұқтырған 311 адамның жағдайы ауыр](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/1/25/1611544308606.jpeg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен тәулікте коронавирустан 8 адам көз жұмды. 1480 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 178454-ке жеттi.
Соңғы тәулікте 827 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 160313. Қайтыс болғандар - 2480.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 27 360 адам ем қабылдап жатыр. 311 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 16 адам дертке шалдығып, 3 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 47437 адамға пневмония диагнозы қойылды. 35183 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 555.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Коронавирус жұқтырған 311 адамның жағдайы ауыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136334/)